Кенжебек Нұрдолдай бұрынғы әйелін ұрғаны рас па?

0 118

Зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы әйелін ұрғаны рас па? Әнші бұл сұраққа «Көреміз» бағдарламасында жауап берді, – деп хабарлайды Baq-orda Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы әйелі бұған дейін «Көреміз» бағдарламасында әнші оған қол көтергенін айтқан болатын. Жүргізуші әншіден бұрынғы әйелінің сөзі рас па екенін сұрады.

Әнші әйел адамға ешқашан қол көтермегенін айтты.

«Бұл қисынға келмейтін нәрсе. Шыны керек, мен әйел баласына қол көтеріп көрген емеспін. Біреулер әртүрлі бұрмалайды, Алла көріп тұр, шындығы – мен әйел адамға ешқашан қол көтермегенмін.

Қазір түрлі жағдайлар болып жатыр. Сол нәрсеге барыншы кіргісі келе ма? Білмеймін, мен оған араласқым да, оны ақтарғым да келмейді. Не үшін олай айтқанын білмеймін», – дейді Кенжебек Нұрдолдай.

Әнші бала кезінде абьюздік қатынас көргенін мойындады.

Өзім бала кезде абьюзден өткенмін. Содан кейін оны отбасымда жасамаймын деп бекем шешім қабылдағанмын. Енді ата-ананың жақсы-жаманы болмайды. Бірақ әкемнен абьюздік қатынас көрдім», – дейді ол.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.