Көкшетауда прокурорға пара ұсынған казино заңгері қамауға алынды

0 67

Көкшетауда казино заңгері прокуратура қызметкеріне пара ұсынған, деп хабарлайды Uysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, 2023 жылдың 26 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп «Cash Ville» казиносы заңгерінің қылмыстық әрекетін әшкереледі.

Прокурорлық тексеру кезінде казино өкілі прокуратура қызметкеріне пара ұсынған. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаған қадағалау органының қызметкеріне 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру фактісі құжатталған.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 2023 жылдың 28 қаңтарында Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктігі екі айға қамауға алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.