«Көзге еріксіз жас келе берді»: Қытайда концертін өткізген Мадина Сәдуақасова қандастар туралы айтты

0 65

Белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова Қытай еліне концерт беріп, сондағы қандастармен жүздесті. Әнші ол жақтағы концерт беру үшін көп тексерістен өткендері, тіпті кейбір әндерін айтуға рұқсат бермегенін жазған. Десе де ондағы қазақтардың қуанғанын тебіреніспен қабылдағанын жасырмады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Мәдина Сәдуақасова: «Қытай еліндегі концерттерге Үрімші( 2 концерт ) және Құлжа (1 к) біз өте қатты дайындалдық.. Біріншіден, 7 жылда алғаш рет Қазақстандық әншілерге концерт беруге рұқсат берілді ( үлкен жауапкершілік ) Екіншіден, ол жақтың өте қатал заңдарымен байланысты, өзіміз де , әніміз, сөйлейтін сөзіміз мың тексерістерден өтіп, өзіміз өтсек де , кейбір әндеріміздің орындалуына руқсат ала алмадық Сосын ғана, тек жанды дауыста орындау, костюмдер , LED- тегі көріністерге дайындадық … Ал шекарадан өтіп, біздің қандастарымыздың бізді қуана , құшақ жая қарсы алуы, қошеметі , өнерге, өнер адамдарына деген ерекше құрметі бізді бірден баурап алды. Театр залдары лық толы, шығуымызды тағатсыздана күтіп жатқан мыңдаған халық, ду қол шапалақпен, ыстық ықыласпен қарсы алуы, әр әніміздің сөзін біліп, қосылып, құшағымызды, сахнаны гүлге толтырып тастады, неше түрлі сыйлықтар, ойыншық, әтір, үлкен кісілер қолындағы алтын сақиналарын шешіп беріп, қамзол мен орамалдарын жауып, баталарын беріп, көздеріне жас алып , біздерді жібергісі келмей. Қандастарымыздың шексіз махаббатты, сағынышы тебірентті, жүрегімді елжіретті, шын … Көзге еріксіз жас келе берді, залдағы бар адамды құшақтағым келді…. Басқаша сезімдер, сөзбен жеткізе алмайтын… Осы ән сапарым менің жүрегімде мәңгі сақталатыны сөзсіз… Концертке келген, келе алмай қалған, концертті телефондағы тікелей эфир арқылы көріп, тамашалаған жандарға мың миллион рахмет , осылай бізді қошеметке бөлегендеріңіз үшін бас идім алдарыңызда. Әттең, осы сөздерімді ол кісілер оқи алмайды, өйткені, ол жақта Инстаграм да, Google да, Facebook да жоқ… Қалай жеткізсем екен, шіркін..?!»

Мұны оқыған желі қолданушылары әртүрлі пікірлерін айтып, пікірталас тудыруда. Олардың бірі «Өздеріне қатаң түрде тексеріспен кіргізеді. Ал Қазақстанға кіріп шығып білгендерін істейді» деп ренжісе, келесі бір қолданушы «Біздің елде де сондай талап қоя білсе сырттан келип сахнада іш киіммен журіп білгенін істемес еді,сапалы әндер де болар еді» деген ойын жазған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.