Маймыл шешегі тіркелген мемлекеттер ішінде АҚШ көш бастап тұр

0 8

Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше 25 шілдедегі жағдай бойынша АҚШ-та маймыл шешегін жұқтырудың 3846 оқиғасы тіркелген және осы көрсеткіш бойынша әлемде бірінші орын алып отыр, деп хабарлайды Baq-orda, ABC News-ке сілтеме жасап.

Ауру жұқтырған америкалықтардың саны Испаниядағы 3100 жағдай мен Германиядағы 2352 адамнан артық. Әлем бойынша бұл ауру 75 елде 18 100-ге жуық адамнан анықталды. Соның ішінде 17 800-ден астам адам бұған дейін аталған ауру тіркеліп көрмеген елдерде жұқтырған.

Денсаулық сақтау саласының мамандары маймыл шешегін жұқтырғандар саны АҚШ-та ресми тіркелген жағдайлардан әлдеқайда көп екенін айтып отыр. Сондықтан үкімет тестілеу мен эпидемиологиялық қадағалау шараларын күшейтіп жатыр. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры Рошель Валенскидің айтуынша, әдетте маймыл шешегінің белгілері вирус жұқтырғаннан кейін үш апта ішінде көрінеді.

Сондықтан шілде мен тамызда ауру жұқтырғандар саны көбеюі мүмкін. Техастағы балалар ауруханасы арнайы оқшаулау бөлімшесінің медициналық директоры доктор Эми Аррингтон адам лифт батырмасын басып немесе сауда орталығында біреудің қасынан өткен кезде маймыл шешегін жұқтыра алмайтынын айтты. Вирус ұзақ уақыт тығыз қатынаста болған кезде ғана жұғады – ауру жұқтырған адамның терісіндегі инфекциялық ошаққа тиіп кетсе, ауру адамның киімі, төсек-орнымен жанасқан сәтте берілуі ықтимал.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.