Маңғыстауда жол апатынан 1 адам мерт болды

0 99

Маңғыстау облысында Жетібай-Шетпе тасжолының 96-шақырымында екі көлік соқтығысып, салдарынан 1 адам көз жұмды, тағы 5 адам зардап шекті.

«Шетпе аулына келе жатқан УАЗ автокөлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Prado автокөлігімен соғысқан. Екі көлік те өртенген. УАЗ автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал 5 адам ауруханаға жеткізілді», – дейді Маңғыстау облыстық Полициясы департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды.

Дереккөз: Қазақпарат сайтынан 

Leave A Reply

Your email address will not be published.