Мектепте сызуды үйренбеген түлектер оқуға түсерде қиналып жатыр – академик

0 8

Т. Басенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының директоры, сәулет докторы, академик Болат Құспанғалиев мектепте сызу пәнінің оқытылмауын қателік ретінде бағалап отыр, деп хабарлайды  Вaq-orda, ҚазАқпарат  сайтына сілтеме жасап.

«Білім саласындағы министрлікке бірнеше рет жаздық. Өкінішке қарай, орта мектептен сызу пәнін алып тастаған. Ал, Президентіміз техникалық білім беру ісін көтеру керектігін айтып жүр. Біз ол бастамамен түгел келісеміз. Бірақ, техникалық білімнің негізі, дайындық базасы – осы сызу пәні ғой. Оны неге алып тастады? Осы жері қызық», – деді академик орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде.

Сондай-ақ, ол мектепте сызу пәнін оқымаған түлектер кейін қиналып жатқанын айтты.

«Мектепте сызу пәні оқытылмағанымен, оқуға қабылдайтын емтиханның шығармашылық бөлімінде сызу пәні әлі бар. Таңғаласың! Біздің мамандықта осындай парадокстар, сәйкессіздіктер баршылық. Осындай қайшы тұстарды жойсақ екен», – деді Болат Құспанғалиев.

Айта кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының сәулеттік құрылысын жоспарлау ережесі бекітілген болатын.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.