Мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды

0 8

Мемлекеттік жоғары оқу орындары тек мемлекет меншігінде болады. Бұл жайында Білім және ғылым министрі кезіндегі қызметі туралы есеп берген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«20 жоғары оқу орны «Академиялық шеберлік орталықтары» жобасына енді. Оларға 2025 жылға дейін материалдық-техникалық базаны нығайтуға 80 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді», – деп жазды министр Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, ЖОО-ларда мемлекет пен оқытушылар, студенттердің мүддесін қорғау үшін заңнамалық деңгейде оларды иеліктен шығаруға немесе тіпті олардың үлесіне қатысуға тыйым салу туралы арнайы норма енгізілді.

«Яғни енді мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды. Олар тек мемлекет меншігінде болады. 2020 жылдан бастап алғаш рет ғылыми ұйымның материалдық-техникалық жабдықталуына арнайы бағдарлама ашылып, қаражат бөлінді. Нәтижесінде ғылыми ұйымдар соңғы жылдары әлемдік өндірушілердің заманауи жабдықтарын сатып алды», – деді Асхат Аймағамбетов.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.