Мөлдір Әуелбекова: келінім сыйдырмағаннан кейін екі баламды алып, бөлек шықтым

Әнші: үй шаруасына жоқпын. Есесіне, Алла сол олқылықтың орнына көмекші ұстай алатын мүмкіндік берді.

0 1  463
Мөлдір Әуелбекова жақында ғана ұлына 60 млн теңге тұратын үйді сатып, сыйға тартқанын айтқан еді. Қазір сол үйге екі ұлын алып, көшіп келген әнші үй шаруасына араласпағандықтан туыстарымен тұру ыңғайсыз болғанын айтты, деп жазады БақОрда KYN.KZ  сайтына сілтеме жасап.
«Құттықтаңыздар, 5 айдан соң ақыры үйдегілер шыдатпай, көшірді. Сыйдырмай, қуып жіберді, шынымды айтсам. Мен негізі үйде ештеңе істемеймін. Гүлназ деген көмекшім бар. Ол қазір жаттығуға кетті де, балаларға ас әзірлеп жатырмын. Шынымды айтайын, үй шаруасына «нөлмін». Десе де Алла маған сол олқылықтың орнын толтыратын көмекші алуға мүмкіндік беріп қойды», – деп жазды әнші. 

Ол өзін ата-анасының алдынан «келінім қуып жіберді» деп әзілдеді.

Сонымен қатар Әуелбекова келінмен бір шаңырақ астында тұру қиын екенін әзілмен жеткізді. «Жаңағы «үйдегілер сыйдырмады, көшіріп жіберді» дегенім рас негізі. Бірақ үйдегілер болғанда, мамам мен папам емес. Үйде келін деген біреу бар, сол келінім ғой қуып шыққан. Өзі міне, қасымда отыр, жасаған тірлігіне ұялып, сіздерге қарамай отыр», – деп күлді Мөлдір.

Leave A Reply

Your email address will not be published.