«Өлімнен ұят күшті…». Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзін айтты

0 13

Ұлттық музейдің экс-директоры өзіне тағылған айыпты мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Оның айтуынша айыптың дерлігі ойдан шығарылған, «сот барысында ақша жымқыру фактісі бойынша бірде-бір дәлел келтірілмеген».

«Аса құрметті сот! Қазақта «өлімнен ұят күшті» деген тамаша мақал бар. Мен кез келген жазаға, тіпті өлім жазасына да келісемін, бірақ ақша жымқырған жоқпын. Бұл жала, – деді Мұхамедиұлы сотта.

Бұрынғы министрге Астанадағы Ұлттық музейдің директоры болып тұрған кезінде «бюджет қаражатын ысырап етті» деген айып тағылды. Сот сәуір айында басталған.

Бір күн бұрын прокурор Мұхамедиұлын 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.