Өскеменде жанармай құю станциясы маңында жарылыс болып, 1 адам көз жұмды

0 12

Өскемен қаласындағы жанармай құю станциясы маңында жарылыс болды. Соның салдарынан 42 жастағы ер адам көз жұмып, бір баланың денесін күйік шалды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 28 шілде күні сағат 08.52-де Өскемендегі Промышленная көшесінде орналасқан ЖҚС аумағында болған.

«Жанармай құюға арналған бөшкелерді тазалау кезінде ауа қосындысы жарылды. Соның салдарынан 12 жастағы жеткіншектің денесін термиялық күйік шалды. Қазіргі уақытта ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына шұғыл келген ТЖД құтқарушылары бөшке ішінен 42 жастағы ер адамның денесін алып шықты», – делінген ақпаратта.

Алдын ала мәлімет бойынша ол резервуарды тазалаған. Оған 12 жастағы туысы көмектескен. Жазатайым оқиғаның себебі анықталуда.

Дереккөз: Қазақпарат сайтынан 

Leave A Reply

Your email address will not be published.