Оқушы қыз жүректің дәрісін ішіп көз жұмды

Алдын ала дерек бойынша, сабаққа келместен бұрын жасөспірім уыстап дәрі ішкен

0 394

Қайғылы оқиға бүгін, 6 ақпанда Шымкенттегі «Низамхан» атындағы жекеменшік мектепте болды деп хабарлайды БақОрда   otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқушы қыз 8-сыныпта білім алған. Ол алғашқы сабақта өзін нашар сезінген.

Директордың айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келген.

Алдын ала дерек бойынша, 6 ақпанға қараған түні оқушы қыз бір уыс таблетка ішкен. Жедел жәрдем қызметкерлері алып кеткен соң ол  жансақтау бөліміне түскен, ал түске қарай қаралы хабар жеткен.

«Бала өзін нашар сезінді. Біз жедел жәрдем шақырдық, бірақ не болғанынан білмедік. Сосын ол бізге жүректің 40 шақты таблеткасын ішіп, мектепке келгенін айтты. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қыз ренжулі болған жоқ, сыныптастарымен әңгімелесті. Олар түгел дерлік сыныбымен 79-мектептен ауысып келді. Мектепте қандай да бір буллинг болды деп айта алмаймын», – дейді «Низамхан» жекеменшік мектебінің директоры Юлия Сергеевна.

Директор ол осыған дейін  өзіне қол жұмсауға әрекет жасағанын айтты. Психологтар қызбен бірнеше ай жұмыс істеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.