Оралда 72 жастағы зейнеткерді өлтірген күдікті төртінші баласын изоляторда босанды

0 11

Оралда 72 жастағы зейнеткерді өлтірген күдікті төртінші баласын изоляторда босанды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 22 тамыз күні күдікті әйелді қамауда ұстау түрі өзгертіліп, 1 ай мерзімге үйқамаққа ауыстырылды.

Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының осындай қаулысы шықты.

«Бұған барлық қажетті тергеу амалдарының толық көлемде жүргізілгені негіз болды. Тек сараптама қорытындысын қосу ғана қалды. Сонымен қатар күдіктінің бұрын сотталмағаны, тұрғылықты мекенжайының және төрт кішкентай баласының бар екендігі ескерілді. Төртінші баласын әйел 19 тамыз күні тергеу изоляторында босанған. Үйқамақта отыруына байланысты ол сотқа дейінгі өндірістің объективті және жан-жақты жүргізілуіне ықпал ете алмайды», деп хабарлады ведомстводан.

Сот қаулысы күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 72 жастағы зейнеткер әйелді пышақтап өлтірген күдіктінің ұсталғанын жазған болатынбыз.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.