Оралда ер адамдар қабырғадағы тесік арқылы әйелдер түрмесіне кірген
«Мой город» басылымы Оралдағы №74 мекеме, яғни уақытша ұстау изоляторынан түсірілген деген видеоны жариялады. Видеода ер адамның қабырғадағы саңылаудан басқа бөлмеге өткенін көруге болады. Оны басқа адам ту сыртынан түсіріп тұрады.
Видеоның авторы сотталғандар ескі ғимараттың қабырғасынан осылай саңылау жасап алып, әйелдер камерасына кіреді-мыс деп мәлімдейді.
«Басшылық тарапынан бақылау мүлдем жоқ. Қашқандар осылай қашады. Министр мырза, қандай да бір шаралар қабылдаңыз», – делінген видео сипаттамасында.
Сондай-ақ, видеода жас жігіт сотталғандарды тексеру және тінту жүргізуге арналған журналды көрсетеді.
Дереккөз: https://aikyn.kz/255723/oralda-er-adamdar-k-abyrg-adag-y-tesik-ark-yly–yelder-turmesine-kirgen