Павлодарда 16 жасар қызға 3 еркек аяусыз зорлық- зомбылық көрсеткен

0 10

Белсенді Дина Смаилова Павлодарда 16 жастағы жетім қыздың зорланғанын мәлімдеді. НеМолчи қорының басшысы ұсынған мәліметтерге сәйкес, қыз зорлыққа шыдамай 10-қабаттан секіріп кеткен.

Іс бойынша Павлодар облысының полицейлері екі күдікті дереу қамауға алған.

“Оқиға жәбірленушінің туған күн кешінен қайтқан соң басталады. Жетім қыз кештен шығып әпкесінің үйіне бара жатқан жолда,Павлодарда қаланы білмей адасып қалған. Жолда үш жігітті кездестіреді, олардың бірі оның әпкесінің сыныптасы болып шығады. Әңгіме барысында әлгі жігіт оны өздерімен бірге жүруге көндіреді.

Содан соң, бойжеткенді алаяқтық жолмен пәтерге кіргізіп, зорлаған, сонда қыз қашамын деп, терезеден секірген.16 жасар қыз 10-қабаттағы терезеден секіріп,ол аман қалды, бірақ өте ауыр жарақат алды.
Ең сорақысы, қыз жетім, павлодарлық Жастар үйінің тәрбиеленушісі- деп жазды #НеМолчиKZ қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, оның үлкен әпкесі, жақында ғана есейген сіңлісін іздеген. Енді оны Жастар үйі жәбірленушінің қамқоршысы ретінде тіркемек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.