Президент жаңа елшілерді тағайындады

0 18
⚡️  Марат Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылып, оның орнына Бақыт Дүйсенбаев тағайындалды;

Ал Нұрғали Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды;

Ақылбек Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Құттықадам Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы, Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.