Қарағанды облысында жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

0 25

Қарағанды облысының полицейлері жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамды ұстады. Ол облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан қыстақта жасырынған, деп хабарлайды Каzinform тілшісі.

«Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдардың бірінен, «жедел жәрдем» жүргізушісіне бұзақылық әрекетпен қасақана зиян келтірген 36 жастағы күдіктіні ұстады”, – деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Бұзақы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу қатаң бақылауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.