Қазақстанда алғашқы әскери даярлық оқу бағдарламасы қайта қаралмақ

0 91

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов алғашқы әскери даярлық сабағының мәртебесін көтеру іс-шаралары жайында айтып берді.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқыту жүктемесі ретінде 10-сыныпта аптасына 1 сағат, ал оқу жылында 34 сағат болып бекітілген. 11-сыныпта да осындай жүктеме ескерілген.

 

Практикалық дағдыларын дамыту мақсатында 10-сынып оқушылары үшін оқу жылының аяғында бес күндік далалық оқу-жаттығу өтеді.

 

«Қазіргі кезде алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасын қайта қарастыру мәселесі пысықталып жатыр. Оның ішінде далалық оқу-жаттығуға қатысты іс-шараларды өзгерту де ескерілген», – деп жазды Е. Тоғжановтың депутаттық сауалға жауап бере отырып.

 

Сонымен қатар алғашқы әскери даярлық кабинетін материалдық-техникалық жабдықтау мақсатында Білім министрлігі бұйрығына өзгерту енгізілген. Осы орайда әскери даярлық кабинеттерін оқыту материалдарымен қамтамасыз ету ескерілген.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.