Қазақстанда бір жылда тұрғын үй бағасы қанша пайызға өсті?

0 40

Қазақстанда жаңа тұрғын үйлерді сатып алатындар саны артқан. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бір жылда жаңа тұрғын үйлердің бағасы 3,2 пайызға өскен, ал қолданыстағы пәтерлердің бағасы керісінше 5,4 пайызға төмендеді. Жалға алынатын үйлер былтырғымен салыстырғанда 0,9 пайызға төмендеді.

Өңірлер арасында жаңа тұрғын үй нарығында баға жылдық мәнде Павлодарда 14,8 пайызға, Петропавлда 10,6 пайызға өсті. Қолданыстағы пәтер нарығындағы баға өсімінің лидері – Атырау (11,8 пайыз) мен Семей қалалары (8,3 пайыз), тұрғын үйді жалға алу нарығында Жезқазған (30 пайыз), Қарағанды (23 пайыз) және Көкшетау қалалары (22,3 пайыз).

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/96685/

Leave A Reply

Your email address will not be published.