Қазақстанда тағы бір партия пайда болмақ

0 126

«Shopan ata» ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев Агро-индустриалды партия құруға ниетті. Бұл туралы ол өзінің жеке сайтында мәлімдеді.

“Ал, ағайын! Нар-тәуекел! Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын! Өмірімдегі ең маңызды қадамдардың бірін жасап отырмын! Біздің қатарымызға қосылыңыз!” делінген сайтта жарияланған үндеуде. 

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жазып, жалпы малшы қауымға ортақ «Шопан ата» күнін белгілеу бастамасын көтеру арқылы есімі көпшілікке танылған Алмасбек Садырбай – «Shopan-ata» агро-қозғалысының төрағасы, «Qazyna Study» онлайн мектебінің және «Малбазар» Қазақстанның ауыл шаруашылығы хабарландыруларының онлайн платформасының құрылтайшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.