Қазақстанда жеті өңірде прокурорлар тағайындалды

0 94

Қазақстанда бірқатар өңірге жаңа прокурорлар тағайындалды

«Мемлекет басшысымен келісе отырып, бас прокурордың бұйрығы бойынша бірқатар облыстың прокурорлары тағайындалды», – делінген хабарламада.

Жаңадан тағайындалған прокурорлар:

  • Жаңадан құрылған Ұлытау облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Жарқынбек Кендірбекұлы Бақашбаев тағайындалды.
  • Абай облысының прокуратурасын 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ерлан Масғұтұлы Абаев басқарады.
  • Аға әділет кеңесшісі Мадияр Бекенұлы Басшыбаев Жетісу облысының прокуроры болып тағайындалды.
  • Серік Рысқалиұлы Шалабаев Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.
  • Ақтөбе облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Зиноллаұлы Дәуешов болды.
  • Маңғыстау облысының прокуроры қызметіне аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттуков тағайындалды.
  • Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды.

Сондай-ақ, бас көлік прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Тимур Қайырбекұлы Сүлейменов болды.

Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.