Қазақстандық оқушылар қандай жағдайда онлайн оқуға көшіріледі

0 30

1 қазаннан бастап Қазақстанда тұмау вирусына қарсы вакцинация басталады.

Алдын алу шаралары туралы бұйрыққа бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Нұрқан Сәдуақасов қол қойды, деп жазады ulysmedia.kz. Құжатта эпидемиологиялық маусым кезінде қауіпті вируспен күресу үшін түрлі шаралар күшейтілетіні жазылған. Вакцинациядан басқа, барлық медициналық ұйымдарда кіреберісте арнайы «сүзгілер» жұмыс істейді, ал мекемелердің өздері маскалар мен антисептиктерді қолдануы керек. Сондай-ақ, ЖРВИ және тұмау белгілері байқалған кезде шақыртулар бойынша бірінші кезекте жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсетілетін болады. Балалардың білім беру мекемелеріне келетін болсақ, мектепке дейінгі ұйымдарда күн сайын міндетті таңертеңгі сүзгілер өткізіледі – ЖРВИ және тұмау белгілері бар балалар үйлеріне жіберіледі. Сонымен қатар, эпидемиялық маусым кезінде, мектептерде, егер сыныпта науқастар саны 30%-дан асатын болса, онда барлық оқушылар онлайн оқуға көшіріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.