Қазақстандықтардың саны 2050 жылы 27 млн-нан асуы мүмкін

0 25

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Болжамдау департаментінің (бұдан әрі – ЕРДО) сарапшылары туу, өлім және көші-қон көрсеткіштерінің негізінде демографиялық болжам дайындады. Талдауға сәйкес, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20,8 млн – нан (теріс сценарийде) 21,5 млн-ға дейін (оң сценарийде), ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 млн-ға дейін болуы мүмкін  деп хабарлайды Baq-orda, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«Бұл ретте, егер өлім мен туу көрсеткіштері 2021 жылғы деңгейде, ал сыртқы және өңіраралық көші-қон 2017-2021 жылдардағы орташа мәнде сақталса, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20 млн 958 мың адамға, ал 2050 жылға қарай – 27 млн 192 мың адамға жетеді», – деп атап өтті ЕРДО Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Ол ЕРДО таңдалған базалық жылға, туу деңгейіне, өлім-жітімге және көші-қонға байланысты әр өңір бойынша 27 негізгі сценарийді болжайтынын атап өтті. Сондай-ақ, халықтың санын осы негізгі көрсеткіштер шеңберінен тыс модельдеуге мүмкіндік беретін механизм жасалды, мысалы, тууды жоғарылату немесе өлімді белгілі бір пайызға төмендету.

Оның мәліметінше, 2030 жылға қарай орталық сценарий бойынша халық саны Нұр-Сұлтан қаласында – 420 мың адамға немесе 33% – ға, 1,7 млн адамға дейін, Алматы қаласында – 414 мың адамға немесе 20% – ға, 2 млн 466 мың адамға дейін, Шымкент қаласында – 369 мың адамға, немесе 32% – ға, 1,5 млн адамға дейін өседі.

Бұдан басқа, Түркістан облысында халық саны 207 мың адамға, Маңғыстау облысында – 170 мың адамға, Алматы облысында – 145 мың адамға ұлғаяды. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарында халық санының қысқаруы күтілуде.

2050 жылға қарай, ЕРДО сарапшыларының есептеріне сәйкес, болжамның орталық нұсқасын алып қарайтын болсақ өсу бойынша көшбасшы Шымкент қаласы болады, оның халық саны 1 млн 679 мың адамға артып, 2,8 млн адамға жетеді немесе 2022 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артады. Нұр-Сұлтан қаласында өсім 1 млн 634 мың адамды құрайды, бұл 2,3 есе өсімге, 2,9 млн адамның көрсеткішіне сәйкес келеді. Алматы қаласында тұрғындар саны 3,5 млн адамға дейін немесе 1,4 млн адамға (2022 жылға қарай+69%) өседі. Маңғыстау облысында халық саны 820 мың адамға өседі, соның салдарынан өңірдегі халық саны 1 млн 571 мың адамды құрайды.

«Біздің болжамымыз бен БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің жаңа демографиялық болжамы ұқсас және сценарийге байланысты халық санының 2030 жылға қарай 20,8 млн-нан 21,5 млн адамға дейін, ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 млн-ға дейін өсуін болжайды», – деп бөлісті Дмитрий Шумеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.