«Қазір далаға шыға алмаймын». Бибігүл Төлегенованың денсаулығы сыр беріп жүр ме?

0 80

Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенованың шаңырағында «Таңшолпан» бағдарламасы қонақта болып, күміс көмей әншінің қазіргі хал-жағдайымен танысып қайтты, деп хабарлайды Бақ-орда EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өнер иесі денсаулығы қалыпты екенін жеткізді.

Қазақта «бір күн – ауру, бір күн – сау, таба алмадым дертін» деген мақал бар ғой. Денсаулығым қазір сол сияқты. Ауа райы да әсер етіп жатады. Көбіне үйде отырамын. Қазір далаға шыға алмаймын. Екі аяғым ауырады. Бірақ былай жаман емеспін, Құдайға шүкір, – деді ол.

Сонымен қатар, халық әртісі қазір әннен шаршағанын жеткізді, тіпті музыкалық аспаптың қасына да барғысы келмейді екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.