Құны 1 млрд теңгеден асатын тауарлар заңсыз тасымалданған – ҰҚК

0 5

2023 жылы жалпы құны 1 млрд 390 млн теңгеден асатын тауарды шекарадан асырмақ болғандар ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері шекара арқылы жалпы құны 1 млрд 390 млн теңгеден асатын тауарларды заңсыз тасымалдаудың 143 дерегі тіркелді. Күдіктілер халық тұтынатын тауарларды, автомобиль бөлшектерін, темекі бұйымдарын және тағы басқа тауарларлы шекарадан заңсыз өткізбек болды. Жалпы 1 019 құқықбұзушы ұсталды, – деп жазылған хабарламада.

ҰҚК төмендегі нақты деректерге тоқталды:

  • Таразда заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды деген күдікпен шетел азаматы ұсталды.
  • Талдықорғанда полицияның көмегімен 2 қазақстандық ұсталды. Олардан 222 ақбөкен мүйізі тәркіленді.
  • Жамбыл облысының Меркі ауылында Қазақстан азаматы ұсталып, оның тұрғылықты жерінен 8 келі есірткі (гашиш) тәркіленді.
  • «Жаңажол» (СҚО) және «Қордай» (Жамбыл облысы) өткізу пункттерінде құны 160 млн теңгеден асатын көлік бөлшектері мен электронды темекілерді заңсыз алып өту дерегі анықталды.

Барлық факті бойынша уәкілетті органдар сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді жүргізіп жатыр. Сондай-ақ өткізу пункттерін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін 2023 жылғы 16 қаңтардан бастап Астана әуежайында Q-Gate автоматтандырылған шекаралық бақылау жүйесі пайдалануға берілді. Жүйе Қазақстан азаматтарының төлқұжат деректерін тексереді және заңбұзушылықтар болмағанда оларды дерекқорға автоматты түрде тіркейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.