Қырғызстанда бидай экспортына тыйым салынады

0 105

Қырғыстан бидайды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге шығаруға уақытша тыйым салуды ұсынып отыр.

Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, мораторий елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларының нарықтық бағасын тұрақтандыру мақсатында енгізіліп отыр. Реэкспорт, транзит, сондай-ақ Қырғызстан Республикасы Министрлер Кабинеті көрсететін ЕАЭО кедендік аумағынан тыс ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлеріне көмекке тыйым салынбайды.

Тыйым салуды алты ай мерзімге енгізу ұсынылды.

Дереккөз: Қазақпарат сайтынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.