Қызылордада «ҚазАвтоЖол» қызметкері жұмыс істеп тұрғын жерінде қаза тапты

0 134
Марқұм жол бойындағы көлікте отырғанда оны Toyota Alphard келіп соққан

Бірнеше күн бұрын Самара-Шымкент автожолының 1285 шақырымында болған жол апатынан қызметін атқарып жүрген «ҚазАвтоЖол» маманы қаза тапты, деп хабарлайды БақОрда jambylinfo.kz. сайтына сілтеме жасап.

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апатынан қаза тапқан адам – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Сақтапберген Сыдықов.

«Оқиға «Самара-Шымкент» автожолында Арал ауданы, Сазды ауылы маңында қозғалыс қайта жанданған уақытта болған. Қатты жылдамдықпен келген Toyota Alphard көлігі жол бойында тоқтап тұрған көлікке соқтығысқан, сол уақытта автокөлік ішінде компания қызметкері жұмыс істеп отырған. Салдарынан ол тілге келместен сол жерде жан тапсырды. Марқұм Қызылорда облыстық филиалының бас маманы болып, компанияда 6 жылдан астам жұмыс істеп, өзін адал, кәсіби қызметкер ретінде танытты. Сақтапберген Сыдықовтың артында төрт баласы мен жары қалды», – дейді қаралы хабар таратқан компанияның баспасөз қызметі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ марқұмның артында қалған отбасына компания тарапынан барлық қажетті қаржылық қолдау жасалатынын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.