Руслан Желдібай, Ержан Қазыхан, Ержан Жиенбай Президент көмекшілері болды

0 13

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Президент Әкімшілігінде бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Бақ Орда Ақордаға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Руслан Сұлтанұлы Желдібай – Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;

photo
Фото: primeminister.kz

 

Ержан Хозеұлы Қазыхан – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі;

photo
Фото: akorda.kz

 

Ержан Нұрланұлы Жиенбаев – Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымына тағайындалды.

photo
Фото: primeminister.kz

 

Еске салайық, бүгін Қ.Тоқаев ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта жасақтау туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Ғизат Нұрдәулетовті ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы етіп тағайындады.

Бұдан бөлек, бірқатар лауазым иесі жаңа қызметке тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.