«Салмағы 6 келі»: Нұр- сұлтанда алып сәби дүниеге келді

0 84

Елордадағы № 3 көпсалалы аурухананың перзентхана бөлімінде салмағы 5,8 келі нәресте дүниеге келді.

Медицина қызметкерлері Исатай батыр деп еркелететін сәби 4 тамызда дүниеге келген. Оның туған кездегі бойы 63 см.Бұл 30 жастағы ананың отбасындағы үшінші перзенті – үйде кішкентай батырды әпкесі мен ағасы күтіп отыр», — деді дәрігерлер.

Айта кетейік, әйел жүктіліктің 39-аптасында босанған.

«Қиын болды. Бірақ мен аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтамын. Қаншама мамандар қасымда болды, қолдау көрсетті, жағдайды бақылап отырды», — дейді анасы жаңа туған нәрестенің.

Әйел мен баланың жағдайы жақсы. Олар жақын күндері үйлеріне жіберіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.