Сауд Арабиясының ханзадасы дүниежүзіндегі ең үлкен ғимарат салатынын мәлімдеді

0 19

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мохаммед бин Салман инженерлер мен дизайнерлерге өзінің келесі сәулет жобасын Мысыр пирамидалары сияқты есте қалатындай жасағысы келетінін айтты. Ханзада ол дүниежүзіндегі ең үлкен ғимарат болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Baq-orda  тілшісі Naked Science сайтына сілтеме жасап.

Салман ханзаданың сөзінше, ғимарат «Айна сызығы» болып аталатынын және онда бес миллионға жуық адам тұрады. Ғимараттағы нысандар параллель орналасады және әрқайсының биіктігі 487 метр, ұзындығы 120 шақырым болады. Алып ғимараттың құрылысына триллион доллар жұмсалуы мүмкін.

Ғимаратта тұрғындарға қажеттің бәрі, оның ішінде, стадион, яхт-клубтары, жаңартылатын энергия көздері және тамақ өнімдері болады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.