Такси жүргізушісі италиялық қонақты қонақүйге 45 мың теңгеге апарған

0 103

Алматыда такси жүргізушісі шетелден келген азаматты әуежайдан қонақүйге 45 мың теңгеге апарған

Бұл туралы ҚР ІІМ Полиция және көлік департаменті басшысының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов айтты. Италиядан келген турист қызмет құнының әлдеқайда арзан екенінен күдіктенбей, жол ақысына 45 мың теңге төлегені белгілі болды.

Такси жүргізушісінің кім екенін құқық қорғау органдары анықтады. Ол 48 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда ,ол, шығын көлемін толық өтеген.

Тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.