Таразда кальян қолданған ойын-сауық мекемелері жауапқа тартылды

0 7

2022 жылдың 22-24 шілдесі аралығында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және ПД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бірлесіп, Тараз қаласының көңіл көтеру орындарында құқық бұзушылықтарды, оның ішінде есірткі, психотроптық және синтетикалық заттарды тұтынуды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді.
Тексеру барысында 25 ойын-сауық мекемелерінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы бойынша, яғни қоғамдық орындарда темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзу секілді әкімшілік құқық бұзушылықтың 12 дерегі анықталды. Бұл бап бойынша 15 АЕК (45.945 теңге) мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза көзделген.
Сонымен қатар, тексеру жүргізілген барлық ойын-сауық мекемелерінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2013 жылғы 14 наурыздағы қаулысына сәйкес қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу туралы ақпараттық парақшалар таратылды.
– Тараз қаласының кафе-барларының әкімгерлеріне ҚР ӘҚБтК-нің 422-бабына сәйкес, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізудің және медициналық емес тұрғыдан тұтынудың жолын кесуге шаралар қолданбау шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу мың теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз мың теңге мөлшерінде айыппұл салу бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз. Сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1-бабымен (есірткі құралдарын насихаттау және заңсыз жарнамалау) 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деді Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Д. Л. Қойториев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.