Таразда мас күйінде көлік басқарған тұрғын ұсталды

0 7

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде түнгі 01:15 шамасында полиция қызметкерлері Тараз қаласы Шөлдала иіні аумағын патрульдеу кезінде күдік тудырған «ВАЗ-2104» маркалы көлігін байқаған.

Көлікті тоқтатып, тексеру барысында 51 жастағы жүргізушінің ішімдік ішкені анықталды. Сондай-ақ, ол жүргізу құжаттарының жоқ екенін мойындады.

Оған қоса, 2020 жылдың желтоқсан айында сот шешімімен мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Медициналық куәландыру жүргізушінiң «орташа» дәрежеде iшiмдiк iшкенiн растады. Көлік арнайы автотұраққа қойылып, ал тәртіп бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен (көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдiк масаң күйдегi адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.