Түркістандағы кесене маңында алапат өрт болды

0 86

Түркістанда кесене маңында алапат өрт болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазнетте жанып жатқан мейрамхананың видеосы тарады. Желі қолданушылары өрт «Керуен-сарай» аумағында басталғанын жазып жатыр. Бірақ Түркістан облысының әкімдігі ақпаратты жоққа шығарды.

Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт «Керуен-сарайда» емес, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында болған.

«16 маусымда сағат 11.48-де Түркістанда «Әзірет-Сұлтан» қорық мұражайының қорғалатын аумағынан тыс орналасқан екі қабатты «Жеті тандыр» кафесінің 2-қабатынан өрт шықты. Өрт басталғаннан алты минут өткен соң ТЖД-ның алғашқы қызметкерлері келді. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, кафенің «Керуен сарай» ойын-сауық кешеніне қатысы жоқ», – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.


Сурет: ТЖД баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.