ТЖМ қазақстандықтарға үндеу жасады

0 17

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ауа райына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрап, үндеу жасады, – деп хабарлайды Бақ-Орда Massaget.kz сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, желтоқсанда ауа райы құбылмалы болады.

«Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады. Жаяу жүрмеңіз, дауылға қатысты ескерту жарияланған кезде, әсіресе түнде шалғай жерлерге бармаңыз. Ауа райына қатысты және тасжолдардағы қозғалыс шектеулері туралы ақпаратты қадағалаңыз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Кез келген оқиға бойынша 112 немесе 101 телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/96373/

Leave A Reply

Your email address will not be published.