Ұшақта мас болып шу шығарған Ресей азаматына айыппұл салынды

0 15

Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы желілік полиция қызметкерлері SCAT әуе компаниясының Мәскеуден ұшып келген рейсіндегі азаматты жауапкершілікке тартты.

Тексеру барысында көлік полицейлері Ресей Федерациясының 30 жастағы азаматын анықтаған. Ұшақ бортында ер адам мас болған, осылайша қоғамдық тәртіпті бұзған. Полиция қызметкерлері оған қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі, яғни алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орында мас болып келу бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5 АЕК (15 315 тг) мөлшерінде айыппұл салды. Жыл басынан бері көлік полицейлері 25 202 адамды, оның ішінде алкогольді ішімдік ішкен 2 644 құқықбұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.