Ұзынағаштағы атыс. 1 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды

0 112

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында қарулы қақтығыс болды. Бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды.

4 тамызда сағат 16:20 шамасында үш жергілікті тұрғын оқ жарақатымен Ұзынағаш ауылының ауруханасына жатқызылды. Жеткізілгеннен кейін зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды, – деді
Алматы облысы ПД баспасөз қызметінде.

Іздестіру іс-шаралары барысында «Ұстап алу» жоспары жарияланды және өңірдегі полиция бөлімшелерінің жеке құрамы күдіктілерді ұстауға жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, оларды ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.