Украина порттарынан Түркияға қарай тағы 4 кеме шығады

0 12

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акармен байланыс орнату және 7 тамызда Ыстанбұлдағы Бірлескен үйлестіру орталығымен келісу нәтижесінде Украина порттарынан тағы 4 кемені шығару жоспарланды.

Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Украинадан жүзуі жоспарланған кемелердің бірі Одессадан, тағы 3 кеме Черноморскіден жолға шығады.

Украина кемежайларына бір бос жүк кемесін кіргізу жоспарланып отыр.
Жүктерді дайындау және тасымалдауды келісу белгіленген тәртіпте жалғасуда.
22 шілдеде Ыстамбұлда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен Украина порттарынан астықты қауіпсіз тасымалдау туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа Украина, Ресей, БҰҰ және Түркия өкілдері қол қойды.
Соңғы бірнеше күнде Одесса порттарынан «астық дәлізімен» жүгері тиелген төрт кеме жүзіп кетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.