Жамбыл ауданында 30 елді мекендегі 88 көше жолы жөндеуден өтуде

0 39

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында биыл жыл соңына дейін елді мекендердегі 88 көше жолдарын жөндеуден өткізу жоспарланған.

Ағымдағы жылы облыс әкімінің қатысуымен өткен кездесулерде бірқатар елді мекендерде жол мәселесі көтерілген болатын.

Нәтижесінде 30 елді мекеннің жалпы ұзындығы 72,4 шақырымды құрайтын 88 ауылішілік көше жолдары қазіргі таңда күрделі жөндеуден өтуде.

Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасымен 6 елді мекеннің жалпы ұзындығы 33,3 шақырымға жететін 37 ауылішілік көшесі реттелуде.

Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен 22 елді мекеннің 49 көшесі, облыстық бюджет есебінен 2 елді мекеннің 2 көшесі жөнделуде.

Айта кетейік, биыл Жамбыл облысында жол саласына бөлінген 24,7 млрд. теңгеге 497 жоба жүзеге асуда.

Оның ішінде, облыстық маңызы бар автожолдардың үлесі 137 шақырым, елді-мекен көшелерінің үлесі 558 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар 105 шақырымды құрап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.