Жамбыл облысында сотталушы әкімшілік қызметкерлерге шабуыл жасады

0 81

Шабуыл салдарынан зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

«Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ТЖ-158/7 мекемесінде таңғы тексеру кезінде сотталғандардың бірі әкімшілік қызметкерлеріне шабуыл жасады. Оқиға салдарынан зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы «тұрақты» деп бағаланып отыр», – делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне шабуыл жасаған сотталушы тәртіптік изоляторға оқшауланды.

«Аталған факті ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен қызметтік тексеру тағайындалды», – дейді ведомстводан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.