Жаңа оқу жылында 90 мыңға жуық студентке жатақхана жетіспеуі мүмкін

0 8

Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді.

«Болжам бойынша, жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттердің саны 89 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл ретте ең үлкен қажеттілік Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады. Бұл кешенді мәселе және оны шешу үшін жергілікті атқарушы органдарға ЖОО білім алушылары үшін қонақүйлер мен хостелдерде тұру бағаларын реттеуді пысықтауды сұраймыз», – деді министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.