Жазғы еңбек маусымы басталды

0 14

Бүгін «Мамыр» бауында «Жасыл ел» еңбекжасақтары жазғы еңбек маусымының ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Уәлихан Болатбек қатысты.
Шара барысында ерлер арасында кіші футболдан жарыс, қыздар арасында спартакиада ұйымдастырылды. Сондай-ақ еңбек жасақтарының үздіктері арнайы Алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталды.

Әмина Ескермес,
Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.