Жергілікті кәсіпкерлер шетелдермен берік байланыс орнатуда

0 13

Жамбылда Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және жергілікті қамту үлесінің мониторингі жөніндегі комиссияның бекітілген құрамымен жергілікті қамтуды дамыту және Мемлекеттік сатып алудағы отандық тауар өндірушілердің үлесін ұлғайту бойынша жұмыс жалғасуда.

2021-22 жылдар кезеңінде жергілікті қамту үлесінің мониторингі бойынша комиссияның 25 отырысы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 5 айқорытындысы бойынша, облыста «Қарапайым заттар экономикасының» 8 бағыты бойынша жергілікті қамтуды сатып алу үлесі – 57,9% құрады:

1)жеңіл өнеркәсіп – 52,1%;

2) жиһаз өнеркәсібі – 64,2%;

3) тамақ өнеркәсібі – 72,1%;

4) құрылыс материалдары – 50,1%;

5) химия өнеркәсібі – 49,8%;

6) машина жасау – 19,3%;

7) фармацевтика өнеркәсібі – 56,3%;

8) қағаз өнеркәсібі – 63,9%.

Құрылыс монтаждау жұмыстары бойынша (140 нысан бойынша) жергілікті қамту үлесі – 74,9% құрады.

Сондай-ақ, 2022 жылы жергілікті өндірушілердің тауарларына 86
СТ-КЗ сертификаты, 14 индустриялық сертификат және экспортталатын тауарларға 1 753 шығу сертификаты берілді.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 2 000-нан астам өндірістік компания жұмыс жасайды.

Бүгінгі таңда, облыс және аудан әкімдігімен бірлесіп өндірістік кәсіпорындармен тауарларға сертификат алу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Инвестициялар тарту шеңберінде,басқа республикалардың делегацияларымен, атап айтқанда, тығыз өзара іс-қимыл орнату бойынша іскерлік кездесулер өткізудеміз, атап айтқанда:

– Иран Ислам Республикасының Бас консулымен (Фагани Мохсенмен),

– Литва Республикасыныңелшісімен (Төтенше және Өкілетті Елші Гинтаутас Васюлисам бастаған делегациямен),

– Өзбекстан Республикасы делегциясымен (Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары Министрінің бірінші орынбасары Еркін Мұхитдинов бастаған Өзбекстан Республикасынан келген делегациямен),

– Тәжікстан Республикасының елшілігмен (Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің атташесі-Олимджон Ашурзодамен),

– Түркиядан, Франция кәсіпкерлерімен (Ресми сапармен, айналмалы суару жүйелерін, ауыл шаруашылығы техникасын өндірумен айналысатын Түркиядан келген «AFKO» компаниясының басшылығымен)іскерлік кездесулер жүргізілуде.

Сондай-ақ, «Қазфосфат» ЖШС, «Әулие ата Феникс» ЖШС, «Талас Investment Company» ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Бурненская молочная компания» ЖШС сияқты жергілікті өндірістік компаниялары жоғарыда аталған республикаларға тауарларын экспорттайды.

Бұдан бөлек, 2021 жылы жұмыс берушілерде кадрларға қажеттілікті анықтау бойынша бизнеске сауалнама жүргізілді.

Қорытынды деректер бойынша, облыстың 3 567 кәсіпорнынан 1602 (45%) сауалнамадан өтті, оның ішінде 961 (27%) ұйым кадрларға қажеттіліктің бар екенін атап өтті.

Алдағы 4 жылға (2021-2024 жж.) 9,3 мың маманға қажеттілік айқындалды.

Қажеттілік, 17 сала бойынша бар екені анықталды, атап айтқанда: 2021-2024 жылдарға арналған жоғары оқу орындарының мамандықтар жіктеуіші бойынша 54 мамандық, техникалық және кәсіптік орта біліммамандықтар жіктеуіші бойынша 74 мамандық.

2022-2024 жылдары білім беру – 18%, өңдеу өнеркәсібі – 16%, ауыл шаруашылығы – 16%, Денсаулық сақтау – 11%, тұру және тамақтану бойынша қызметтер – 8%, құрылыс – 7%, Ақпарат және байланыс – 6%, Қаржы және сақтандыру – 3%, кәсіби және ғылыми қызмет – 3%, өнер – 3%, Көлік және қоймалау – 2%.

Бүгінгі күні «Атамекен» ҚР ҰКП Білім беру ұйымдарының тізіліміне облыстың 52 оқу орталығы енгізілді(кәсіпорын жанында – 23, колледж – 12, жоо – 2, ЗТБ – 1, дербес-14), олар «Еңбек»Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді курстар өткізеді.

Осы оқу орталықтарында 140-тан астам мамандықтар оқытылады, мысалы: тігіншілер, аспаздар, машинистер, электриктер, технологтар және т.б. осы бағдарламаның қолданылу кезеңінде (2017 жылдан бастап) 14 000-нан астам жұмыссыз оқытылды, олардың 80% – ы бүгінгі күні жұмысқа орналастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.