Жол-көлік оқиғаларындағы балалар өлімі жоғары- министрлік

0 8

ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұратәлиев балалардың жол бойын ойын алаңына айналдыруы деректері жиі кездесетінін айтты.

«Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялағанын білесіздер. Биыл жеткіншектерге қатысты жол-көлік оқиғаларының саны 5 пайызға және ЖКО-дан зардап шеккендер 2 пайызға азайғанын айта кету керек. Дегенмен, балалардың жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітім деңгейі әлі де жоғары болып қалып отыр», – деді Ж. Мұратәлиев министрлікте өткен брифингіде.

Оның айтуынша, көбінесе жол ережесін білмеген немесе оны елемеген балалар жол-көлік оқиғаларының себепшісі болып жатады. Осы орайда жеткіншектер жол бөлігіне ойнауға шығады, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде көшені кесіп өтеді.

«Кәмелетке толмағандардың кінәсінен 88 жол-көлік оқиғасы тіркелді (+ 9%, 2021 жылы – 81), онда 8 бала қайтыс болып, 99 бала жарақат алды», – деді ведомство өкілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.