«Жүрегіміз мәңгі бірге»: Екі баласын өлтірген әйелдің соңғы жазбасы жарияланды

0 308

Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерде екі баласын тұншықтырып өлтірген әйелдің соңғы жазбасы жарияланды, деп хабарлады Бақ-Орда Qamshy.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында жантүршігерлік оқиға болды. Шиелі ауданындағы Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде тәрбиеші болып жұмыс істеп келген 31 жастағы әйел 6 ақпанда ешкімге ескертпестен, үйінен екі баласын алып, Түркістан қаласына кетіп қалған.

Сонда пәтер жалдап, ертесіне, 7 ақпанда 2 баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген.

Осы оқиғаның алдында келіншек өзінің Instagram-дағы парақшасына балалары мен өзінің қолының суретін салып, «Жүректеріміз мәңгі бірге» деп жазыпты. Оған Нұрмахан есімді әншінің «Бізге берілген уақыт аз ғана» деген әнін қосқан.

Әннің мәтінінде:

«Ешкімге айта алмай,

Барамын тұншығып.

Мың түрлі сынақтан,

Өте алмай жүрміз күрсініп.

Тағдырға босқа қырсығып,

Бізге берілген уақыт аз ғана», – деген сөздер бар.

Келіншекті жақсы танитын достары, сыныптастары мен сынып жетекшісінің сөзінше, ол толыққанды отбасынан шыққан, тұрмысы жақсы, өзі өте ақкөңіл, жүрген ортасын күлдіріп жүретін ашық мінезді, қонақжай әрі балаларын қатты жақсы көретін әйел. Ешқандай диспансерлік есепте тұрмайды. Мұндай қылмысқа барады деп ешкім ойламаған.

Қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.