Жаңалықтар
Жамбыл облысында сотталушы әкімшілік қызметкерлерге шабуыл жасады
- author BAQ-Orda
- 1 тамыз, 2022
- 247

Жамбыл облысында сотталушы әкімшілік қызметкерлерге шабуыл жасады
Шабуыл салдарынан зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. «Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ТЖ-158/7 мекемесінде таңғы тексеру кезінде сотталғандардың бірі әкімшілік қызметкерлеріне шабуыл жасады. Оқиға салдарынан зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы «тұрақты» деп бағаланып отыр», - делінген хабарламада.
Комитеттің мәліметінше, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне шабуыл жасаған сотталушы тәртіптік изоляторға оқшауланды.
«Аталған факті ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен қызметтік тексеру тағайындалды», - дейді ведомстводан.
Келесі мақала
Қазфосфатқа 5 млн теңге айыппұл салынды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарағанды да 8 наурыз мерекесі қарсаңында кімдерге төлем беріледі
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025