БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Енді соңғы қоңырау 31 мамырда соғылуы мүмкін

Енді соңғы қоңырау 31 мамырда соғылуы мүмкін
caption
Енді соңғы қоңырау 31 мамырда соғылуы мүмкін
Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылын 1 қыркүйекте бастап, 31 мамырда аяқтауды жоспарлап отыр. Елімізде 2022-2023 оқу жылында соңғы қоңырау 31 мамырда соғылуы мүмкін. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Halyq Uni ақпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді. Айта кетейік, жақында «Ашық НҚА» порталында оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту туралы бұйрық жобасы жарияланды. Бұйрық жобасы 5 тамызға дейін қоғам талқылауында болады. Соған сәйкес, 1-сыныптар 35 апта оқиды, 2-11 (12) сынып оқушылары 36 апта білім алады. Бұл бастама бір күндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға мүмкіндік беретіні айтылды. 151 МЕКТЕП ҮШ АУЫСЫМДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2021-2022 оқу жылында республика бойынша 7 385 орта білім беретін мектеп жұмыс істеді. Оның 6 942-і – мемлекеттік, 443-і – жекеменшік мектеп. Ішінде 151 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі Алматы, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласында орналасқан. 2017 жылдан бастап мектептерде бес күндік оқыту енгізілді. Алайда  2021-2022 оқу жылында 2 839 мектеп 6 күндік оқу аптасы бойынша білім берді. «Бес күндік оқыту ата-аналардың өтініші бойынша қабылданды. Алайда сенбідегі оқу сағаттары бес күнге ауысып, кестеде 7-8 сабақ пайда болды, оқушыға жүктеме едәуір артты. Бұл екі, әсіресе, үш ауысымда оқитын балалар мен мектептер үшін қиындық болды, себебі күнделікті сабақтар кешкі сағат сегізге дейін созылды», — деп жауап берді мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті мамандары. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, оқушылар демалысын қысқарту бастамасы үш ауысымда білім беретін мектептер санын азайтуға бағытталмаған. Дей тұрғанмен, үш ауысымда оқытатын мектеп оқушыларының мектептен үйге ертерек әрі қауіпсіз жетуіне жағдай жасайды. «Биыл шамамен үш ауысымда оқытатын мектептердің саны 24 мектепке қысқарып, олардың саны 127-ге дейін азаяды деп жоспарланған», — деп жауап берді министрлік.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар