БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

40 қазақстандық Түркия мен Ресейдің әскери ЖОО-ларының студенті атанды

40 қазақстандық Түркия мен Ресейдің әскери ЖОО-ларының студенті атанды
caption
40 қазақстандық Түркия мен Ресейдің әскери ЖОО-ларының студенті атанды
ҚР Ұлттық ұланының академиясында Түркия мен Ресейдің әскери оқу орындарына түскен Қазақстан Республикасының 40 курсанты ант қабылдады. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлайды. «Жыл сайын Ұлттық ұлан академиясының бірінші курсына курсанттарды қабылдаумен қатар, халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес шет мемлекеттердегі әскери оқу орындарында білім алуға қабылдау жүргізіледі. Әскери ант – бұл Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен нормативті-құқықтық құжат, салтанатты түрде ант беру және бұлжымас әскери ритуал», - деді Ұлттық ұланнан. «Бірің 4 жыл, бірің 5 жыл өз Отаныңнан алшақта білім аласыңдар. Осы жылдар бойы елімізде оқитын курсанттарға қарағанда сендерге қиындау болады. Туыс-туған, жора-жолдас пен қымбат жандармен айырылысу жеңіл жүк емес. Уақыт пен ара-қашықтық өмірлеріңде кімнің-кім екенін және өздерің бұл сыннан қалай өтетіндеріңді көрсетіп береді. Сендерге өз Отандарыңды елден тысқары жерде танытуға абыройлы міндет жүктелді. Білімдерің мен тәртіптерің арқылы өзге елдер өкілдерінде Отанымыз бен халқымыз туралы түсінік қалыптасады», - деді Ұлттық ұлан академиясы бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Нұрбай Бектұрсынов. Дереккөз: Қазақпарат сайтынан  
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар