
Қостанайда бес жасар қыз жоғалып кетті
Қостанай облысының Жамбыл ауылында бес жасар бала жоғалып кетті. 7 тамыз күні таңертең үйден шыққан кішкентай қыз әлі оралмады. Оның қайда екенін ешкім білмейді.
«Костанайские новости» басылымы кішкентай қыз жоғалмастан бұрын екі әпкесінің қарауында болғанын жазды.
Әпкелерінің біреуі 13 жаста болса, екіншісі – 18 жаста.
Бар ақпаратқа сәйкес, қыздар таңертең оянғанда сіңлісінің үйде жоқ екенін анықтады.
Полицияға кішкентай қыздың жоғалғаны туралы анасы хабарлаған.
Полиция департаменті хабарлама келіп түскеннен кейін бірден іздестіру жұмыстарына кіріскенін жеткізді. Қостанай полиция бөлімінің жеке құрамы дабыл бойынша іске кірісті.
Іздеуге еріктілер де қосылды. Баланың орналасқан жерін анықтау үшін барлық қажетті шара қабылдануда.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарағанды да 8 наурыз мерекесі қарсаңында кімдерге төлем беріледі
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025