Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өткен мерзімінде тиісті жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаментпен 10 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде: тізбеге сәйкес – 4, жоспардан тыс – 6, оның ішінде, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 5, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 1.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 10-ның жалпы сомасы 8 152,2 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 6 875,2 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде: 31,8 млн. теңгесі бюджетке өтелуге жатады (толығымен бюджетке өтелді, бұл 100%-ды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 1 101,6 млн.теңге (толығымен жұмыстарымен орындалған, бұл 100%-ды құрайды), 5 741,8 млн. теңгесі - бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар (толығымен қалпына келтірілді, яғни 100%-ды құрайды), 1 277,0 мың.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 309,8 мың. теңге.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,6 млн теңге бюджетке толығымен өтелді.
Айта кетсек, қаржылық бұзушылықтардың келесі түрлері анықталды, олар:
- орындалмаған жұмыстар және жеткізілмеген тауарлар үшін қаражатты төлеу – 1 024,0 млн.теңгеге;
- бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар – 5 743,9 млн.теңгеге;
- жалақы, іссапар және басқа төлемдер бойынша бұзушылықтар – 4,3 млн.теңгеге;
- мемлекеттік активтерді пайдаланудағы бұзушылықтар – 103,0 млн.теңгеге анықталды.
Департаментпен камералдық бақылаумен мемлекеттік сатып алудың 17501 рәсімінің 17487-і қамтылды, бұл 99,9%-ды құрайды, оның аясында ұйымдастырушыға/тапсырыс берушіге 1 592 хабарлама жолданды, оның ішінде 1 561 хабарлама орындалды, яғни 98,0%-ды құрайды.