
Меркілік азаматтан 8 келі марихуана табылды
Жамбыл облысының тұрғынынан 8 келі марихуана табылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы мақсаттағы жасақпен бірлесіп, «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасын өткізген болатын. Шара барысында Шу ауданының аумағындағы құмға жақын маңда орын тепкен Тасөткел ауылынан 5 шақырым қашықтықтан Меркі ауылының тұрғынын ұстады.
«35 жастағы азаматты тінту кезінде 8 келі 190 гр марихуана «канабис өсімдігі» есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, тиісті сараптамалық қорытынды тағайындалды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Д.Қойтөриев. – Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Келесі мақала
Оралдық кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарағанды да 8 наурыз мерекесі қарсаңында кімдерге төлем беріледі
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025